Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрт бағыт жұмыстары негізінде Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде «Оңтүстік асары» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
Аталмыш шараны өткізудегі негізгі мақсатымыз – еліміздің бірнеше аймақтарында су тасқынан зардап шеккен тұрғындарға түрлі бағытта қайырымдылық шаралары өткізіліп жатқаны белгілі. Осы шараны өңір тұрғындары мен мешіт жамағаты тарапынан зор қолдау көрсетілді.
Осы акция барысында жиналған (киім-кешек, азық-түлік, қаржылай т.б.) материалдық заттарды арнайы жүк көлігіне тиеп, Ақтөбе облысына облыс атынан жөнелту шарасын өткізуде.
Апат айтқанда, 7580 тонна азық-түлік, 100 дана кілем, төсеніш, 400 сөмке киім-кешек, 144 литр өсімдік май және 1060 000 (бір миллион алпыс мың) теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.
Алла Тағала осы шараға қолдау көрсеткен барша тұрғындарға Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі