- Ұмытып ішіп-жеу әрі жыныстық қатынас жасау оразаны бұзбайды, бірақ ораза екені есіне түскен кезде әлгі істерді бірден доғару қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені оған ішкізген де, жегізген де – Алла», – деген.
- Ұйықтап жатқанда ихтилам болу. Ұйқыда жатқан адам түс көргеннен немесе шаршағаннан мәни аққан болса, оразасы бұзылмайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мына үш нәрсе ұраза тұтқанның оразасын бұзбайды: Құсу, хижама (қан алдыру) және ихтилам болу», – деген.
- Әйелін құшақтау, сүю. Мәни келмейінше ораза бұзылмайды.
- Ораза тұтқан адам артқы жыныс мүшесіне құрғақ нәрсе мысалы градусник салса ораза бұзылмайды.
- Егер дәрігер ораза тұтушының ішіне бір темір салып, қайта шығарса, ораза бұзылмайды.
- Түнде жүніп болып, сәресіден кейін жуыну.
- Ауызға келген қақырықты жұту.
- Суға сүңгіп шомылғанда құлаққа судың кіруі.
- Еркінен тыс темекінің түтіні секілді ләззат беретін түтіндерді жұту.
- Тамағына шаң-тозаң мен шыбынның кіруі. Көз жасы мен беттен аққан тердің бір екі тамшысы ауызға кірсе, ораза бұзылмайды.
- Сәресіден ауызда қалып кеткен ноқаттан кішкентай нарсені жұту.
- Адамның еркінен тыскелген құсық, өздігінен қайта тамаққа кетіп қалса, мейлі ауыз толтыратындай көлемде болса да, ораза бұзылмайды.
- Қан алдыру.
- Сүрме жағу.
- Денеге май жағу.
- Салқындау мақсатында суға шомылу.
- Бас пен қарынға жағылған дәрі денеден ішке кірмесе.
Шымкент қаласы орталық мешіті