Қандайда бір ораза ұстау үшін мүмкіндігінше таң намазы кірместен бұрын немесе түнгі уақыттан бастап ниет еткен абзал. Ханафи мазхабында рамазан оразасы, нәпіл оразалар һәм уақыты белгіленген нәзір оразалардың ниет ету уақыты күн батқаннан ертеңгі күннің бесін намазы кіруге аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Ал бесін намазы кіргеннен кейін ешқандай оразаға ниет етуге болмайды. Бұл уақыттан кейін ниет етіп тұтқан оразасы дұрыс болмайды тіпті сәресіден бері ешнарсе ішпесе де. Бұл тұрғылықты-жолаушы, ауру-сау адамдардың бәріне бірдей.
Бесін намазына дейін ниет ете алу үшін екінші шапақтан бастап оразаны бұзатын (ішіп-жеу, жыныстық қатынас т.б.) жағдай орын алмауы қажет. Ал оразаны бұзатын жағдай әдейі немесе білместікпен орын алса да бұл уақытта оразаға ниет ету жарамсыз.
Шымкент қаласы орталық мешіті