Ниет – басқа құлшылықтардағы секілді ораза ұстауда да шарт. Рамазан оразасы әрі басқа да оразалар ғибадат болғандықтан ниет ету қажет. Ғибадат Алла Тағаланың бұйрығымен тек қана Оның разылығы үшін, құлдың өз қалауымен жасалады.  Өз қалауы мен ынта-ықыласы ниетсіз іске аспайды. Сондықтан құлшылық пен жай әдетті бір-бірінен ажырата алу үшін, оразаны ниетсіз өтеу дұрыс емес. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Амалдар ниеттерге қарай», – деген. Тағы бір хадисте: «Таң намазынан бұрын оразаға ниет етпеген кісінің оразасы жоқ», – деп айтылған. Кез келген оразаға жүрекпен ниет ету шарт. Ниетсіз ораза дұрыс болмайды. Ал оны тілмен айту – мұстахап.

Шымкент қаласы орталық мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38