ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Шымкент орталық мешітінде «Наурыз – ізгілік пен ынтамақтың мерекесі» атты рухани мерекелік шарасы өтті. Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді,  Мұхамеджан Естеміров, қала имамының кеңесшісі Бекайдар қажы Төлжанұлы,  қалалық  «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жастар ісі секторының жетекшісі, Абай, Әл-Фараби,  Еңбекші, Қаратау және Тұран аудан имамдарының имамдары қатысты. Айтулы шара барысында ҚМДБ-ның бастамасына орай «Рамазанда бір ағаш ек» атты табиғатты қорғау, қолдау, жасылдандыру акциясы аясында мешіт ауласына ағаш отырғызу шарасы басталды. Осы акциға қасиетті Рамазан айында тиісті орындарға ағаш отырғызуға шақырамыз.   

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38