Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Әл-Біләл» мешітінде жаңа дәретхананың бітуіне атсалысқан азаматтарға Шымкент қаласы бойынша бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының алғыс хаты табысталды. Атаулы іс шараға қала бас имамының бірінші орынбасары М. Ақтамберді, найб имам М.Естемиров, Әл-Фараби ауданының бас имамы А.Керімбеков қатысты. Өкілдіктен келген имамдар жамағатқа түрлі тақырыпта әсерлі уағыз айтты. Мешіт жанындағы ҚАРИЛАР дайындау орталығының қари болған екі шәкіртке УМРА қажылығына жолдама табысталды. Арнайы дастархан жайылып, құран оқылып дұға жасалды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38