Бүгін Шымкент қаласы, Абай ауданы «Әбсаттар Сманов» мешітінде «Халал – шариғат талабы» атты семинары өтті. Семинарға Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы, аймақтық «Халал Даму» бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев қатысып, дәріс оқыды. Аталмыш семинарға қалалық «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты, «Бибісара ана» мешітінің бас имамы Самат Анарбаев, «Әбсаттар Сманов» мешітінің бас имамы Берік Шотабеков, «Әжелер» мектебінің мүшесі, ұстаз Күлсара Бекет т.б. азаматтар қатысты. Семинар барысында қатысушыларға адал мен арам жөнінде жан-жақты мағлұматтар берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі