Бүгін Шымкент қаласы, Абай ауданы «Әбсаттар Сманов» мешітінде ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ұйымдастырылған «Атадан қасиет, анадан өсиет» атты рухани танымдық семинары өтті. Айтулы рухани танымдық семинарды Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахмановтың құттықтау сәлемін Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы Қазыбек Сарыбаев жеткізіп, рухани шараға сәттілік тіледі. Рухани шараны қалалық «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты, «Бибісара ана» мешітінің бас имамы Самат Анарбаев жүргізіп, шараның әрін кіргізді. Рухани шара барысында «Әбсаттар Сманов» мешітінің бас имамы Берік Шотабеков пен орталық мешіттің ұстазы Күлсара Бекет арнайы баяндама жасады. Рухани семинар барысында ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабының І-ІІ том кітаптарды насихаттау, түсіндіру һәм ұлттық салт-дәстүрлеріміздің жаңғырту, әкелер және аналар мектебінің қоғамда беделін арттыру сынды өзекті мәселелер айтылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі