Бүгін ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Шымкент» медресе-колледжінде «Құран – екі дүние шырағы» тақырыбы аясында студенттер арасына Құран жарысы ұйымдастырылды.

Жарысқа «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай арнайы қатысып,  жарысқа қатысушыларға сәтілік тіледі. Сондай-ақ, шәкірттерге білім алу, елге қызмет ету және діни қызметтің жауапткершілігі жөнінде  тәжірибесімен бөлісті.  Жарысқа үш аталым негізінде жарысқа түсіп,  жарыс нәтижесі бойынша:

Құран Кәрім 30-шы парасы:

І-орын:Мырзахмет Сапарғали

ІІ-орын:Мұрат Шадиер.

ІІІ-орын:Абдулазизов Абдулатиф.

 Құран Кәрім 30-шы парасы мен «Ясин –Мүлік» сүресі бойынша:

 І-орын:Анарметов Ұлықбек

ІІ-орын:Бөрібаев Юсуф.

ІІІ-орын:Бахаев Абдумалик

 Құран Кәрім «Нәс-Дұха» сүресі бойынша:

 І-орын:Хаидов Туражан

ІІ-орын:Құралбек Ерасыл.

ІІІ-орын:Мырзаходжаев Хидаятхужа

 Жарыс соңында  жеңмпаздарға алғыс хат пен бірге қаржылай сыйлықтар табыс телді.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38