Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешіті әйелдер бөлімінде «Бір айда бір кітап» атты кітап оқу сайысы болып өтті.
Кітап оқу сайысына жалпы саны 18 қыз-келіншек қатысты.
Сайыс екі турдан тұрды.
Бірінші тур тест түрінде өтіп, екінші тур логикалық сұрақтардан болып өтті. Сонымен қатар жалпы кітапты талқылау және сергіту ойындар болды.
Жалпы сайыстың нәтижесі
1-ші орынды Әсел Сейтхан,
2-ші орынды Фариза Омарова
3-ші орынды Жарқынай Мақсатқызы иеленді.
Орын алған қатысушыларға аудан имамы тарапынан ақшалай сыйлықтар ұсынылды.
Сайысқа Айқап мешітінен Куләй Жұма, Мариям Өтебай және Ықылас қарилар медресесінен Айгүл Маканова ұстаздар төрелік етті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38