Шымкент қаласы, «Абдурахман» мешіті ұжымының ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы жылды «ИСЛАМ және ІЗГІ ҚОҒАМ» – деп аталуына байланысты Шымкент қаласының бас имамы Бағдәулет Нұрматұлының бастамасымен Қатын көпір елді мекенінің ардагерлері, ақсақалдары және ауылдың бетке тұтар азаматтарының басын қосып жиын өткізді. Жиында «Ислам және ізгі қоғам»- жылының бес бағыты талқыланып жиынға келген кісілердің қызу талқысына түсіп мәнді де мағыналы отырыс болды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі