Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Қазақстандағы діни ахуал: ағымдар мен жамағаттар» атты аймақтық семинары өтті. Айтулы рухани танымдық семинарды Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Игі шара қасиетті Құран оқумен басталды. Арнайы ұйымдастырылған шараға Астана қаласы, діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры, соц.ғ.к., ҚХА ҒСК мүшесі Талғат Жақиянов арнайы қатысып, имамдарға дәріс оқыды. Өте қызықты һәм тартымды өткен семинарды қатысушылар тапжылмай тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарының жауабын алды. Айта кетсек, басқосуға Шымкент қаласы дін істер басқармасы «Діни мәселелерді зерттеу» орталығының дінтанушы мамандар мен мешіт имамдары қатысты. Семинар барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы мәртебелі ұстаздарға алғысын айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі