Шымкент орталық мешітінде өткен ҚМДБ республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі әрі уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ұйымдастырылған «Қазақстандағы діни ахуал: ағымдар мен жамағаттар» атты аймақтық семинарына қатысты. Айтулы рухани танымдық семинарды Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Игі шара қасиетті Құран оқумен басталды.  Семинарда ҚМДБ республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі әрі уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров уағыз-насихат айту әдебі мен ережесіне айрықша тоқталып, өзінің мол тәжірибесімен бөлісті. Өте қызықты һәм тартымды өткен семинарды қатысушылар тапжылмай тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарының жауабын алды. Семинар барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы мәртебелі ұстаздарға алғысын айтып, ризалық білдірді.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38