Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабында ҚМДБ Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі әрі уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров жұма уағызын жүргізіп, жамағатпен кездесті.
Іссапармен келген РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров «Кісі ақысын жеу – үлкен күнә» тақырыбында уағыз айтып, елді бірлікке, ынтымаққа шақырды. Сондай-ақ, биылғы жылы ҚМДБ тарапынан «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» деп жария етілгендігін айрықша атап өтті.
Жұма намазы барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ұстаз РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров жамағат атынан алғысын білдірді. Жұма намазын жамағатпен оқып, бірге ел тыныштығы мен бірлігі үшін бата жасады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі