Қиямет қайым басталар кезде бүкіл әлемдегі жаратылыстардың барлығы да жойылып, Жаратушы Иеміз Алла тағаланың бір өзі ғана қалады. Бұл айтылған пікірге Ар-Рахман сүресінің 26-27 аяттары дәлел болады:
كُلُّ مَنْ عَلَيْهَا فَانٍ : وَيَبْقَىى وَجْهُ رَبِّكَ ذُوالْجَلأَلِ وَلاِكْرَامِ
«Жер жүзіндегі барлық жаратылыс өткінші (жойылады). Ұлылық пен кереметтіліктің иесі болған Раббың өзі ғана мәңгі қалады» – делінген.
Ия бұл рас. Жер бетіндегі жаратылыстардың барлығы да уақыт сағаты келгенде бұл өмірден өтеді, өледі, оларды топырақ жеп жоқ қылады. Әйтседе шариғатымызда кейбір жаратылыстардың жоғалмастан мәңгі болатындығын да тілге тиек еткен.
Бұлар қандай жаратылыстар?
Олардың жоғалмайтындықтарының мағынасы не?
Алла тағала бұл жалған өмірдегі жаратылыстарының қалағанын жоқ қылады, қалағанын мәңгі қалдырады. Жаратушы иеміз өзі қалағанын жаратады. Қиямет қайым болған сәтте бүкіл жаратылыстың барлығы да өліп, зым-зия болып жоғалады. Міне енді осы жаратылысқа жеке-жеке тоқталамыз.
1.Құйымшақ ( (عَجْبُ الذَّنَب . Құйымшақ ол – арқа омыртқаларының ақырғы, төменгі омыртқасы. Оның екінші бір атауы «әл усус» яғни бұл да құйымшақ мағынасын аңғартады. Пенде жерленген соң, қабір топырағы пенденің құйымшақ сүйегінен басқа барлық денесін жеп жоқ қылады. Ал қиямет күні пенде өзінің құйымшағынан жаңадан жаратылады. Осы мәселе жөнінде Пайғамбарымыз (с.а.с):
قَالَ رَسُولُ اللّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: كُلُّ ابْنِ اَدَمَ يَأكُلهُ التُّرَابُ اِلاَّ عَجْبَ الذَّنَبِ مِنْهُ خُلِقَ وَ فِيهِ يُرَكَّبُ: رَوَاهُ مُسْلِمُ
«Топырақ адам баласының құйымшағынан басқасының барлығын жеп қояды, өйткені адамзат құйымшақ сүйегінен жаралып бой түзейді» – деген. Муслим риуаяты.
2 .Рухтар اَلْاَرْوَاحُ . Рухтың болмысы ақиқаттылығы қандай екендігі Алла тағалаға ғана аян. Барлық адам денесінің өмірлік табандылығы, өмір сүруі денеде рухтың болуымен болады. Егерде рух денеден ажыраса, тастап кетсе, онда дене өледі. Рух аспанға көтерілген кезде егер салихалы жақсы рухтан болса, онда аспан есіктері ашылады. Ал жаман рухтан болса, онда оған аспан есіктері ашылмайды. Адам баласы қайтыс болғаннан соң, рух оның денесіне екі жағдайдың бірімен қайта оралады. Рух өлмейді, осы мәселе жөнінде шейттердің рухтарын тілге тиек етіп, Пайғамбарымыз (с.а.с):
أَرْوَاحُهُمْ في جَوْفِ طَيْرٍ خُضْرٍ لَهَا قَنَادِيلُ مُعَلَّقَةٌ بِالْعَرْشِ تَسْرَحُ مِنَ الْجَنَّةِ حَيْتُ شَاءَتْ ثُمَّ تَأْوِى اِلَى تِلْكَ الْقَناَدِيلِ رَوَاهُ مُسْلِمُ
«Шейіттердің рухтары жасыл-көк құстың ішінде орналасқан. Аршының астында ол құстың ілінген шамдары бар. Қалағандарынша жәннәтта сайраңдап, содан соң әлгі шамдарды паналайды» – деген. Муслим риуаяты. Ал иманды пенделердің рухтары жайлы.
قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : اِنَّمَا نَسمَةُ الْمُؤمِنِ طَاءِرٌ فِي شَجَرِ الْجَنَّةِ حَتَّى يَبْعَثُهُ اللَّهُ عَزَّوَجَلَّ اِلَى جَسَدِهِ يَومَ الْقِيَامَةِ: رَوَاهُ النَسَاءِى صَحِيحٌ
Пайғамбарымыз( с.а.с): «Иманды пенденің рухы жәннәт талында қонақтаған құс кейпінде болады, қиямет күні оның рухы денесіне қайтарып Алла тағала тірілткенге дейін» – деген. Нәсәй риуаяты.
3.Жәннәт пен тозақ (اَلْجَنَّةُ وَالنَارُ)
Итағат еткен иманды пенделерін құрметтеп, күнаһар пенделерін қорлау үшін Алла Тағала жәннәт пен тозақты жаратқан. Ол екеуі жоғалмайтын мәңгілік мекен. Алла Тағала «Ниса сүресінің 57 аятында:
خَلِدِينَ فِيهَا اَبَداً
«Олар жәннәт пен дозақта мәңгі қалады» – деген.
- «Аршы» (اَلْعَرْشُ)
Сөздікте аршы мағынасы – патша отыратын тақ. Жаратушы Иеміз Алла тағаланың да өзінің ұлылығына лайықты аршысы бар. Бірақ Алла тағала ол аршыны отыру үшін емес тек өзінің Ұлылығын, құдіретін көрсету үшін жаратқан. Шын мәнінде Жаратушы Иеміз бүкіл әлемге де, еш нәрсеге де, мұқтаж емес. Құран Кәрімде Алла Тағала аршыны истауа еткендігін (меңгергендігін) жеті орында айтып өткен.
اَرَّحْمَنُ عَلَى الْعَرْشِ اسْتَوَى { طه}
« Ұлы Рахман аршыны истауа етті» – деген.
ثُمَّ اسْتَوَى عَلى الْعَرْشِ {اَلْاَعْرَف}
«Содан соң аршыны истауа етті» – деген.
Аршы жаратылыстардың ең алғашқысы. Алла Тағала оны жоғалып кету үшін емес, мәңгі қалу үшін жаратты. Қиямет күнінің басталуының белгісі болатын сырнай үрленген сәтте басқа жаратылыстар секілді аршы жоғалмайды.
- «Орындық» اَلْكُرْسِيُّ
وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَتِ وَالْاَرْضَ
«Оның күрсісі аспандар мен жерден кең». (Бақара сүресі 255).
Орындық – Жаратушы иеміздің мәңгілікке жаратқан мақұлығы. Абдулла ибн Аббас р.а:
فَالْكُرْسِيُّ بَاقٍ لاَيَفنَى وَلاَيَزُولُ
«Орындық тозбайды, жоғалмайды, мәңгі болады» – деген екен.
- «Һор қызы» اَلْحُورُ الْعِيْنُ
Һур қыздары жәннәт үшін жаратылған әйелдер. Басқа жаратылыстар келешекте жоғалып кететіндігі секілді олар жоғалмайды да, өлмейді.
- «Тақтайша» اَللَّوْحُ
Ол қорғалған тақтайша. Алла Тағала оған пенделерінің тағдырларын жазып қойған. Бұл тақтайша да тозбайды, жоғалмайды, мәңгі болады.
- «Қалам» اَلْقَلَمُ
Алла Тағала ең әуелі қаламды жаратып, оған пенделерінің амалдарын жазуды бұйырған. Осы мәселе жөнінде Пайғамбарымыз (с.а.с):
قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَوَّلُ مَا خَلَقَ اللَّهُ اَلْقَلَمَ فَقَالَ لَهُ : اُكْتُبْ‘ قَال: رَبِّ وَمَذَا اَكْتُبُ قَالَ : اُكْتُبْ مَقَادِيرَ كُلِّ شَيْىءٍ حَتَّى تَقُومَ السَّاعَتُ: رَوَاهُ اَبُودَاودَ وَ اتِّرْمِّذِىٌ
«Ең әуелі Алла Тағала қаламды жаратып оған «жаз» деді. Қалам: «Раббым нені жазайын» деп сұрады. Алла Тағала: Қияметке дейінгі
Барлық нәрсенің тағдырын жаз» – деді. Бұл хадисті Абу Дауд пен Тирмизи риуаят еткен сахих.
«Сейіткәрім қажы» мешітінің имамы Байтелиев.Б.Ә