Ақылды пенде өзіне шайтанның үш түрлі жолмен келе алатындығын жадында ұстауы керек.
- Ысырапшылдық. Табиғи қажеттіліктерді шектен тыс көп қолдану шайтанның адамның жүрегіне кіргізетін бір жолы. Яғни, көп тамақ жеу, көп ұйықтау, көп қызықтау, көп демалу т.б. Мұның дауасы – шектен шықпау. Яғни, әр нәрсені белгілі мөлшерімен қолдану.
- Ғапілеттік, қаперсіздік, надандық. Жаратушы Иені еске алмай, қаперсіз жүру, жалпы діннен бейхабар болу шайтанға қарсы басты қаруды қолданбау деген сөз.
- Өзіне қатысы жоқ нәрселермен шұғылдану. Яғни, ғибадаттан аулақтап, өзіне еш қатысы болмаған дүниелік мүдделермен айналысып, беймаза болу.
Шымкент орталық мешіті