«Шардара» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Шардара» орталық мешітінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа қала көлеміндегі мешіт жамағаты мен қала түрғындары қызуғушылық танытты. Қол күресі, арқан тартыс, гір көтеру сияқты ойын түрлерінде балуандарымыз күш сынасса, асық ату сияқты ұлттық ойындар жасөспірімдер арасында тартысты өтті. Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. «Денсаулық – зор байлық, адам бақытының бастауы» – дейді халқымыз «Тән саулығының тамыры – тазалықта, жан саулығының тамыры саулықта», – деп денсаулықты сақтаудың маңызды жолын меңзейді. Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген ата – бабамыз жас жеткіншектерді еңбекке баули отырып, рухани – адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу мәселесін алғашқы орынға қойған. Бұл жарыстың мақсаты ұлттық ойындарды жаңғырту және дамыту болып табылады. Сонымен қатар, қала тұрғындары арасында ойынға қызығушылық арттырып, балалар мен жасөспірімдер арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау. Мерекелік іс – шара соңында «Шардара» орталық мешітінің ұстазы М. Ханзадаев жеңімпаздарға аудан имамының атынан алғыс хатпен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі