IMG 878

IMG 878

01.04.2017 жыл ОҚО Сарыағаш ауданы Жүзімдік ауыл әкімшілігі Қ.Сәтбаев елді мекеніндегі жұмыс істеп тұрған «Көбей ата» мешіті ауыл тұрғындарының күшімен асарлатып қайта салынып ашылу рәсімі болып өтті. Ашылу рәсімінде ОҚО өкіл имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы Құран аяттарын оқып дуға жасап соңынан мешіттің салынуына үлес қосқан баршаға рахметін айттып мешіт салудың сауабы жайлы уағыз айта келе мешітті салып сонымен тоқтап қалмастан оның ары қарай жұмыс істеп кету үшін көмек көрсету атсалысу керектігін тілге тиек етті. Бұл мешіттеріңіз имандылықтың ауызбіршілік пен ынтымақтың ұйытқысы болсын деп ыстық лебізін білдірді. Соңынан Сарыағаш аудан әкімі орынбасары Құдырет Қыстаубаев, халық қалаулысы аудандық депутат Селтанов Сапарәлі қажы, Алматыдан келген медетцина ғылымы докторы, профессор Рузиддинов Сәуірбек т.б қонақтар сөз алып өздерінің тілектерін білдіріп құтты болсын айтты.
Мешіттің ені мен ұзындығы 12х17 м болып төрт бұрышында 4 мұнарасы ортасында үлкен күмбезі бар. Мешіт ауласына кіре беріс оң бұрышта 3,9х18 м етіп имамның, қарауылдың, балдарды оқыту бөлмелері салынған. Мешіттің оң жағында 300 адам сыйятын бастырма салынған . мешіттің солтүстік батыс жағында дәретханасы бар. Жалпы мешіттің барлық құжаттары рәсімделген толық.

IMG 873

IMG 874

IMG 875

IMG 876

IMG 877

IMG 878

IMG 879

IMG 880

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38