Кеше Мақтарал аудандық «Нұғман» мешіті Жастар ісі бөлімінің маманы Шаймерден Бағдаттың және Мақтарал аудандық ішкі саясат, саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен жастардың жат ағымға кетуін алдын- алу үшін ОҚО Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і маманы, дінтанушы- теолог Рысбеков Кегнжебек мешіт жамағатына насихат жүргізді. Үгіт- насихат қазіргі таңда халықтың арасына іріткі тудырып жүрген ағым өкілдеріне тойтарыс беру, жастардың дін саласына деген қызығушылығын «Дәстүрлі Ислам дінімен» ұштастыра отырып түсіндіру. Санасы уланған жастарды барынша ата дәстүрге қайта оралдыруға ат салысу. Бір сағатқа созылған уағыз барысында мешіт жамағаты өздеріне қажетті барша мәліметті алды. Сонымен бірге, насихат соңында көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты дәлелді жауап алды. Және де мешітке келген жамағатқа «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-інен шыққан «Бала тәрбиесі және діни бүліктер» атты кітап таратылды.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі