Шымкент қаласы Абай ауданы Қождан ата-Жиеней мешітінде шариғат шеңберіне сай «Әйел баласының жаназасын жуу және кебіндеу» атты бір күндік курс өтті.
Курс барысында жалпы мұсылман әйелдің өлімге дайындығы, өсиет қалдыру, жан тәслім халіндегі адамға қатысты үкімдер, мәйітті жуындыру кебіндеу жайлы мәселелер толық түсіндірілді.
Шәкірттер тарапынан жаназа және жерлеу рәсімдеріне байланысты көп сауал тудыратын күрделі және ауқымды мәселелерде сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі