Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров,  іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев пен қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық мешітінің имамдары қатысып, ізгі іс жасады.

Жалпы, қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын, яғни 1000 оқушыға (дәптерлер, қалам, сызғыш, церкуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, суретдәптер, қалам ұштағыш, желім т.б.) үлестірілді.     

Игі шараға тамыз айының соңына дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық мешіттеріде жалғасады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38