Шымкент қаласы Абай ауданы «Қождан ата» мешітінде жазғы діни сауат ашу курсына қатысушы қыздардың қатысуымен көрме өтті. Көрмеге 60-тан астам қыз баласы тоқыма тоқу, кесте тоқу, биссер, құрақ құрау т.б ұсақ заттарды пайдаға жарата отырып 200-ге жуық қолөнер бұйымдарын жасап келген. Этно тақиялар мен түрлі Құран қаптағыштарды қыздар өз қолдары мен жасап көрсетті. Көрмеге қатысушы өнерлі қыздарға шара соңында демеушілер тарапынан тәттілер таратылды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі