Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Айқап мешітінде «Кел, иманды балақай!» атты жазғы діни сауат ашу курсының бірінші маусымы да аяқталуына санаулы күндер қалды. Айқап мешітінің «Әйел-қыздар» бөлімінде 95 бүлдіршін қыздарымыз мұсылман болу шарттарын үйренуді бастаған болатын. Осы қысқа ғана уақытта шәкірттердің басым көпшілігі Құран әліппесін бітіріп қасиетті кітабымыз Құран Кәрімді арап тілінде оқи алатын дәрежеге жетті. Осыған орай әрі курспен қошасу әрі Құран оқи алатын дәрежеге жеткендерді марапаттау үшін «Құран көңілімнің бақшасы» атты концерттік кеш өтті. 
Бұл кеш Қасиетті Құран Кәрімді оқумен басталып, бүлдіршіндеріміздің орындауындағы иләһи әндер мен салауаттар айтылып, спектакльдік көрініс көрсетілді. Онымен қоса аналардың ізгі лебізі, тәжі кигізу және сыйлықтар таратумен соңын тапты.
 
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38