Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе-колледжінің 2022 жылғы бітіруші түлектеріне диплом табыстау шарасы ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, қалалық «Дархан дала» отандық туризм бөлімінің жетекшісі, найб имам Мұхамеджан Естеміров және т.б. азаматтар қатысты.

Ұйымдастырылған шара барысында шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы  ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сәлемін жеткізіп, аталмыш оқу ордасының басшылығы мен ұстаздар қауымына алғыс айтып, болашақ дін қызметкерлері болып саналатын түлектерді сәттілік тіліп, диплом табыстады.   

          Айта кетсек,  биылғы жылы аталмыш оқу ордасын 68 шәкірт тәмамдады. Осы шәкірттер арысында 10 шәкірт үздік,  қызыл диплом иегері атанды. Атап айтқанда, олар:

  1. Қалдыбек Әділбек.
  2. Абдуллаева Ұлбосын Әлімханқызы.
  3. Нажмиддинова Зарина.
  4. Озатқызы Айсәуле.
  5. Серік Дидар.
  6. Сүлеймен Дәурен.
  7. Тасболат Қасиет.
  8. Балхаш Мағузби.
  9. Ниезхолдикв Абдуразоқ.
  10. Тілеумұрат Әділет.

          Игі шара аясында «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай мырза жыл бойы талмай шәкірттерге ілім нәрімен сусындатқан барша ұстаздарға алғыс айтып, ризалық білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий