Бүгін,  ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына сәйкес, Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен «Tawaf Travel» қажылық компаниясының  т.б. қажылыққа ниет еткен азаматтарға қажылық дәрістері ұйымдастырылды.

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, қалалық «Tawaf Travel» қажылық компаниясының өкілі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің өкілі Мұхамеджан Естеміров, РАНТ мүшесі Нұрсұлтан Мамедалиевтер қатысып, дәріс берді. 

Айта кетсек, дәріс  барысында қатысушыларға  түсінікті болуымен үшін Қағба мекеттер және ихрам киімін байлау т.б. көрнекілік құралдары пайдаланды.  Дәріске қажылыққа ниет еткен азаматтар мен бірге келешекте баруды ниет етіп отырған азаматтардың қатысуына болады.    

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38