Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Айқап мешітінде «Әйел-қыздар»  секторының ұйымдастыруымен «Жүректердің сағынышы, көңілдердің жұбанышы, уа Расулалла!» атты сайысының үшінші кезеңі өтті. 
Бірінші кезеңге 300 әйел балалары онлайн түрде, Telegram қолданбасы арқылы өтті. Бұл кезеңнен екінші кезеңге 80 қыз-келіншектер өтті. Екінші кезең және үшінші кезең мешітте жазбаша тест арқылы қатысты. Үшінші кезеңге 20 қыз-келіншектер қатысты.
Осы жарыста бірінші орынға екі Умра аталды. 
Міне осы жарыс нәтижесінде
1-орынға  екі бірдей Умраға жолдамаға Сейітхан Әсел (Түркістан облысы,  Түлкібас ауданы, Балықты ауылының тұрғыны) ие болды.
2-орынға,  200 000 теңгелік сыйлықпен Шымкент қаласы тұрғыны Ясмин Нұрлыбек қызымыз ұтысқа ие болды.
3-орынды, 150 000 теңгелік сыйлықпен Шымкент қаласы тұрғыны Асия Рейімбаева жеңіп шықты.
4-орын, 100 000 теңгелік сыйлығымен Түркістан облысы, Қазғұрт ауданынан Марал Серікбаеваға,
5-орын, 50 000 теңгелік сыйлық Шымкент қаласы тұрғыны Алия Ешимбетова нәсіп болды.
Кейінгі реттегі 5 қатысушыға 5000 теңгелік , қалған 10 қатысушыларға  1000 теңгелік ынталандыру сыйлытары берілді.
Сайыс нәтижесін жариялау және сыйлықтарды ұсыну рәсімі қаланың адал дәмханаларының бірі “Медина” кафесінде өтті.
Сайыс демеушілеріне мешіттің атынан алғыс   сыйлықтары берілді.
Сайыскерлер алғыстарын білдіріп, өз түйгендерімен бөлісті. 
Осы сайыстың себебімен 300ден аса қыз-келіншектер ардақты пайғамбарымыз Мухаммед-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның өмір баянымен танысып, әсерін алды.
Осы сайысты ұйымдастырған Айқап мешітінің ұстаздарына  жәрдемшілеріне және барлық демеушілерге Алланың нұры жаусын! 
 
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38