Бүгін  мешіт имамдары  Шымкент орталық мешіті жанындағы  дін қызметкерлерінің қайта даярлау және біліктілігін  арттыруға арналған кезекті курстан өтті.

Кезекті маусым айындағы курсын бітірген имамдарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, дінтанушы-ұстаз Омар Сәлімбековтер арнайы қатысып,  діни білім мен біліктілікті көтеру заман талабы екендігін айтып,  қатысушыларға сертификат табыс етті.

Еске салсақ, курс бағдарламасы 12 күнге  арналған. Курс барысында   Құран, Ақида, Фиқһ және Азан және Қирағат пәндері тереңдетіп оқытылады.

Кезекті оқу курсын 17 имам, молда тәмамдады. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38