ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бағыты бойынша Шымкент орталық мешітінде 2022 жылғы балаларға арналған жазғы лагерлер мен діни сауат ашу курстары ұйымдастырылды.
Курс жұмыстарын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, найб имам Мұсабек Ақтамберді, қалалық діни оқу ағарту саласына жауапты маман әрі найб имам Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Дархан дала» отандық туризм саласы бойынша жетекшісі, шаһар бас имамының орынбасары, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровтар бақылап, дінтанушы-ұстаз Омар Сәлімбеков, Нұрсұлтан Мамедалиев, Бекжігіт Аман, Дәулет Түленов және «Әйел-қыздар» сектерінің ұстазы Балжан Досжанова бастаған ұлағатты ұстаздар дәріс жүргізуде.
Курс барысында ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайл Сейтбековтың тарапынан әзірлеген «Балаларға жазғы лагер курстарының оқу бағдарламасы» құжаты негізінде «Құран әліппесі», «Әдеп» және «Имандылық әліппесі» дәрістері жүргізілуде.
Жалпы, бүгінгі таңда қала бойынша 31 мешітінде жазғы күндізгі діни сауат ашу лагерлерінде 2450 шәкірттер тәлім алып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай дамып, саны мен сапасы артып келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі