Бүгін, Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұйытқы болуымен  «Адамзаттың асыл тәжі – Құран» атты қарилық курсын бітірушілерді марапаттау салтанатты шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Бекайдар Әміре, Ахметжан Керімбек, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының директоры Ықылас Майлан, дінтанушы Қалиолла Маджанов, ұстаздары мен ата-аналар қатысты.

Салтанатты шара әуелі қасиетті Құран оқумен басталды. Рухани шарада ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы арнайы сөз сөйлеп, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сәлімін жеткізді. Осыдан кейін, Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров қари қыдарымызға сәттілік тілеп,  шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының лебізін жеткізді.

Аталмыш оқу орталығының 25 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастылған шарада қасиетті Құранды толық жаттаған 18 шәкірт қари қыздарымызға ұмра қажылық сертификаты табыс етілді. Шаһардың ең үлкен мәдени ошағы «Түркістан» сарайында өткізілген рухани шарада «Ықылас» қарилар дайындау орталығының шәкірттері дайында сахналық көріністер мен мәдени  шаралармен жалғасты.

Осы тұста, қари атандаған 18 шәкірт қыздарымыз бен 7 шәкірт ер баланың тізімін жолдауды жөн санадық.

Қыздар бөлімінің шәкірт қарилары:

  1. Абрахман Ақерке.
  2. Абдумажитова Арай.
  3. Амангелді Арайлым.
  4. Акбарова Сымбат.
  5. Ахмедова Юлдуз.
  6. Ахметова Камола.
  7. Баймырзаева Фатима.
  8. Бахадирова Әсел.
  9. Дулатбекқызы Раушан.
  10. Құрмантаева Мүслима.
  11. Садыққызы Кәусар.
  12. Сайдинабиева Әмина.
  13. Садыбек Сәуле.
  14. Таштанова Ақерке.
  15. Оңдасын София.
  16. Эшмахамметова Дилфуза.
  17. Худайназарова Дурдана.
  18. Якубова Зулейха.

Ерлер бөлімінің шәкірт қарилары:

1.Жұмаханов Исламбек

2.Әлібай Нұрислам

3.Әуесхан Яссауи

4.Искаков Махмуджан

5.Әбутәліп Мұхамедәлі.

6.Файзулла Абдулазиз.

7.Сұлтаниязов Исмайл

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38