ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  бастамасымен Шымкент қаласындағы  мешіттерде  «Имани жаз 2022» жазғы сауат ашу курстары өз жұмысын бастады.

Осы игі шараның Шымкент қаласы бойынша ашылу шарасын ұйымдастырылды. Шараға Шымкент қаласының бас имамы, дінтанушы-магистр Бақдаулет Абдрахманов, қалалық «Дархан дала» отандық туризм саласы бойынша жетекшісі, шаһар бас имамының орынбасары, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, найб имам Қазыбек Сарыбаев, ұстаз Омар қари Сәлімбеков пен қалалық «Әйел-қыздар» секторының мүшелері қатысты.

«ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмыстарының бірі һәм бірегейі –  оқу ағарту, діни рухани сауат ашу курстары екені белгілі. Осы орайда, жыл сайынғы дәстүрге сәйкес қала аумағындағы барлық мешіттерде қысқа мерзімді діни сауат ашу курстары жұмысын бастады. Мектеп оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдаланып, ұлттық һәм дін рухани құндылықтарымызды үйрететін боламыз», – деді бас имамы Бақдаулет Абдрахманов.

Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша 88 мешітте жазғы діни рухани сауат ашу курстарында ҚМДБ-ның оқу бағдарламасы аясында «Құран әліппесі»,  «Әдеп» және «Имандылық әліппесі» дәрістері жүргізілуде.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38