Сарыағаш аудандық орталық мешітінің жанындағы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Сарыағаш орталық мешітінде Наурыз мерекесі ұлттық салт-дәстүрде кеңінен аталып өтті. Айтулы мерекеге ақжаулықты апа-әжелеріміз, әпке-қарындастарымыз көптеп қатысты. Әуелі Хақтың сөзі Құран оқумен басталды. Құранды аудан бас имамы Б.Қалдаров оқып, өткендерге дұға жасады.Соң аудан имамы асыл дініміз әйел затына ерекше құрметпен қарайтындығы туралы уағыз айтты. Ақжаулықты әжелеріміз ұлттық дәстүріміздегі шілдехана, бесік салу,тұсау кесер,тб көрсетіп берді. Дастархан жайылып, ұлттық тағамдарымыз қымыз,қымыран,наурыз көже қойылды. Жиналған қауым Наурыз мерекесін жақсы ұйымдастырылғандығына ризалықпен тарқасты.
Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі.