Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Айқап мешітінде «Әйел-қыздар»  секторының ұйымдастыруымен «Жүректердің сағынышы, көңілдердің жұбанышы, уа Расулалла!» атты сайысының екінші кезеңі өтті. Бірінші кезеңге қатысқан 300 кісіден 80-і осы екінші кезеңге өткен болатын. Еліміздің әр аумағынан қатысып, екінші кезеңге өткен бұл нәзік жанды азаматшалардың 67-і Шымкент қаласы Айқап мешітінде өткен сайыстың екінші кезеңінде бақтарын сынады. Тест жүйесімен қағазда тапсырды. Осы тест нәтижесінде 67-ден 20 үшінші кезеңге өтті.
Барлық қатысушыларға мешіттің атынан арнайы тапсырыспен жасалған қалам сыйлыққа тарту етілді. Түскі асты да барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға мешіттің демеуімен берілді.
Осы іс-шараға ісімен, білімімен, қаражатымен көмегін берген баршаға Алланың нұры жаусын деп тілейміз.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38