Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, Шымкент орталық мешіті жанындағы имамдардың діни білімін арттыру һәм қайта даярлауға арғалған «Азан және Қирағат» рухани орталығының кезекті курсы тәмамдады.
Кезекті мамыр айындағы курсын бітірген имамдарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміровтар арнайы қатысып, діни білім мен біліктілікті көтеру заман талабы екендігін айтып, қатысушыларға сертификат табыс етті.
Курс бағдарламасы 12 күнге арналған. Курс барысында Құран, Ақида, Фиқһ және Азан және Қирағат пәндері тереңдетіп оқытылады.
Аталмыг курста Шымкент орталық мешітінің ұстазы, әйгілі Әл-Азһар университетінің түлектері Нұрсұлтан қари Мемедалиев, Дәулет Түленов және Түркиядағы «Хасеки» Ислам оқу ордасының түлегі Омар қари Сәлімбековтар дәріс жүргізеді.
Айта кетсек, Шымкент қаласына бойынша 89 мешіттің 260-тан астам қызметкерлер аталмыш қысқа мерзімді курсқа қатысып, тағылымдамадан өтетін болады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі