Шымкент қаласы Абай ауданы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінде Бас имам Әміре Бекайдар қажы Төлжанұлының басшылығымен жазғы лагерьге мешіт жанындағы «Эмен қажы» атындағы діни сауат ашу курсына 40 ер бала және 40 қыз бала оқуға қабылдануда. Бас имам Бекайдар қажы Төлжанұлы оқуға өтініш білдіріп келген ата-аналар мен балаларға Құран оқып үйренудің маңыздылығы мен сауабы жайлы тағылымы терең уағыз айтып, жас шәкірттердің болашағы үшін хайыр дұға жасады.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі