Бүгін Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның  Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағыты негізінде «Арыстан баб һәм Ихсан ілімі» атты аймақтық рухани–танымдық семинары ұйымдастырылды.

Рухани танымдық семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, қалалық дін істер басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Тахирұлы,  «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы Мұсабек Ақтамберді, қалалық «Дархан дала» отандық туризм саласы бойынша жетекшісі, шаһар бас имамының орынбасары, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық діни оқу ағарту саласына жауапты маман әрі найб имам Қазыбек Сарыбаев, «Тауаф» қажылық компаниясының қалалық бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдіркемұлы, қалалық әдеп кеңесінің жетекшісі Бекайдар қажы Әміре және «Әйел-қыздар» сектерінің мүшелері мен мешіт имамдары, ұстаздары қатысты.

Рухани–танымдық семинар барысында әйгілі Әл-Азһар университетінің түлегі қалалық мешіттің найб имамы Нұрсұлтан қари Мамедалиев «Арыстан баб және сопылық ілімнің тарихы» тақырыбы аясында өте қызықты ақпараттарға толы баяндама оқыды. Басқосу өте әсерлі болып, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптарын алды.

Осы тұста,  шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай насихаттау жұмыстарын қолға алуды рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағыты бойынша жауапты Мұхамеджан Естеміровке жүктеп, жуырда өкілдік тарапынан Отырар ауданындағы «Арыстан баб» кесенесіндегі көне кітапханаға діни кітаптар тапсырып, қайтадан жаңғыртылу  жұмыстары жүргізілгенін айрықша атап өтті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38