Бүгін  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы Абай ауданы, Көкбұлақ ауылдық  «Роза ана» мешітінің бас имамы Ұлықбек Әлиакбарұлының ұйытқы болуымен  «Салауатты өмір салты – өнегелі сүннет» атты мешіт жамағаты мен еріктілер  арасында футболдан турнир ұйымдастырылды.

Салнататты ашылу шарасында  Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, шаһар бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров,  Қазыбек Сарыбаевтар арнайы қатысып,  командаларға сәттілік тіледі.

Турнирге мешіт жамағаты мен ауыл жастарынан құралған 16 команда қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша  І-орын «Көкбұлақ» командасы иеленді. Ал ІІ-орынды «Қарабастау» командасы алса, ІІІ-орынды «Бадам» командасы алды. Жүлделі орны алған командаларға қаржылай сый-сияпаттар табысталды. Және барлық қатысуышларға берекелі дастархан жайылды.  

Айта кетсек, Көкбұлақ ауылдық  «Роза ана» мешітінің бас имамы Ұлықбек Әлиакбарұлы жарыстың жоғары деңгейде өтеуіне қолдау көрсеткен ауыл әкімдігі мен ауыл ақсақалдарына, ерікті жастар тобына алғыс айтып, ризалық білдірді!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38