Бүгін ҚМДБ-ның «Қамқор-Шарапат» ЖШС-нің жұмысын үйлестіру негізінде Шымкент шаһары бойынша өкілдігінің ұйымдастырымен қала аумағында орналасқан мазараттар мен зират орындарын аялап, күтіп-баптау бойынша «Зират және зиярат ету мәдениеті» атты тазалық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, шаһар имам орынбасарлары Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, қалалық іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Қамқор-Шарапат» ЖШС-нің өкілі Ербосын Орын, Әл-Фараби аудан бас имамы Ахметжан Керімбек, Қаратау аудан бас имамы Дастан Желеуов, Абай аудан бас имамы Бердалы Жәміш, Еңбекші аудан бас имамы Берік Қалдаров және Жастар ісі секторы мүшелері мен мешіт имамдары, ерікті жастар тобы қатысты.
Айта кетсек, аталмыш тазалық шарасы наурыз, сәуір, мамыр айларында жалғасып, шаһар аумағында 36 мұсылман зираттарында тазалық өткізілді.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық және техникалық тұрғыдан қолдауымен жүргізіліп, ҚМДБ тарапынан қабылданған «Зират және зиярат ету мәдениеті» құжаттары кеңінен насихатталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі