Бүгін ҚМДБ-ның «Сарыағаш» медресе-колледжінің Ислам орталығы ғимаратында А.Омарованың «Халал – Шариғат талабы» кітабы мен М.Естеміровтың «Қожа Ахмет Яссауи һәм Ихсан ілімі» атты еңбектерінің танытымы өтті.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имам орынбасары «Дархан дала» отандық туризм бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» бөлімінің басқылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев, «Сарыағаш» медресе колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов және белгілі ұстаздар Нұралы Төребеков, Қанат Исмаилов, Эркин Қадыров, Жүсіпхан Жақиповтар қатысты.

Танытым шарасынан соң кездесу жоғары деңгейдегі семинарға ұласты. Шымкент қалалық «Халал Даму» бөлімінің басқылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев халал стандарттарында көрсетілген құнды деректерді баяндай отырып, шариғатымыз бойынша харам және күмәнді болып саналатын өнімдерден сақтанудың жолдары тақырыбы аясында арнайы дәріс оқыды. 

Айт кетсек, жоғары деңгейде ұйымдастырылған  семинарға барлық курстың шәкірт ұлдары мен қыздары қатысты. Семинар аясында шәкірттердің қойған бірнеше сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Қос автордың еңбектері медресе кітапхана қорына арнайы тарту етілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38