Бүгін Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында орналасқан ҚМДБ-ға қарасты «Сарыағаш» медресе-колледжінің Ислам орталығы ғимаратында 2022 жылғы бітіруші түлектермен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Шымкент қаласының бас имам орынбасары әрі «Дархан дала» отандық туризм бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» бөлімінің басқылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев, «Сарыағаш» медресе колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов және белгілі ұстаздар Нұралы Төребеков, Қанат Исмаилов, Эркин Қадыров, Жүсіпхан Жақиповтар қатысты.

Ұйымдастырылған шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының атынан найб имам Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып, ҚМДБ-ның оқу бағдарламасы мен діни кадр әлеуметін арттыру бойынша жан-жақты баян етіп,  бітіруші түлектерді елге қызмет етуге шақырды.

Айта кетсек, биылғы жылы аталмыш медресе-колледжін жалпы ерлер мен қыздар бөлімі бойынша 165 шәкірт тәмамдайды.

Осы орайда, «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов Шымкент қаласынан келген қонақтарға  алғыс айтып, ризалық білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38