Kurandi shinai oku

Kurandi shinai oku

 

Мұхаммед Иқбал былай дейді: «Жастау кезімде әрбір таңда намаздан кейін екі сағат Құран оқитынмын. Әкем не істеп отырғанымды көрсе де, әр күні келіп: «Балам, не істеп отырсың?» деп сұрайтын. Ал мен қолымдағы Алланың кәламын көрсетіп: «Құран оқып отырмын,» – деп жауап қайыратынмын. Сөйтіп екі жыл ішінде сан рет қолымдағы қасиетті кітапты көріп тұрып, немен айналысып отырғанымды сұрап жүрді. Бір күні әдеттегідей сол сұрақты тағы қойды. Мен: «Әкетай, Құран оқып отырғанымды көріп отырсыз ғой. Неге сұрадыңыз, әлде бір нәрсе түсіндіргіңіз келе ме?» – дедім. Әкем былай деді: «Ия, балам, қолыңда Құран бар, оны білемін. Бірақ мен оған жай қарағаныңды емес, шынайы оқығаныңды қалаймын. Балапаным, Құранды ол саған сөйлеп тұрғандай сезіп оқысаң, одан керегіңді алып оқысаң, шын мәнінде оқыған боласың және одан пайдаланған боласың» деді. Сондықтан Құран оқығанда, оның мән-мағынасына да көңіл бөлгенге не жетсін.

ОҚО Орталық мешіт

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38