Kuran xatim etushi shakirt

Kuran xatim etushi shakirt

Хафыз Мүнәуиден жеткен бір оқиға: «Бір жас жігіт Құранды толық жаттауға кірісіп жүрген шағында түн ұйықысын қиып, оны толық оқып шығатын болады. Ертесіне әбден шаршаған, талған күйде ұстазына келеді. Ұстазы істің мән-жайын дәрістегі басқа оқушылардан сұрайды. Олар: «Ұстаз, бұл шәкіртіңіз, әр түнде таңға дейін көз ілмей, Құранды толық оқып шығады» дейді. Сонда ұстазы Құран Кәрімді бұлай оқуды қаламайтынын білдірейін деп әлгі шәкіртіне: «Шырағым, балам, Құран қалай түскен болса, солай оқылуы керек. Енді сен Құранды бұған дейін оқып жүргенің сияқты емес, мені қарсы алдыңда отырғандай сезініп, оны маған емтихан етіп өткізіп жатқандай оқы,» – дейді. Шәкірт барып Құранды ұстазы айтқандай етіп оқып, таң ертең алдына келеді. Келіп: «Ұстаз, бүгін Құранның тек жарымын ғана оқи алдым,» – деп жағдайын айтады. «Жақсы, енді бүгін Қасиетті Құранды Алланың елшісінің алдында тұрғандай сезініп оқы,» – деп кеңес береді. Оқушы бұл түні «Құран түскен адамның көзінше оқып тұрмын, дұрыстап оқуым керек» деп бұрынғыдан да қатты уайымдап, әрбір әріпті өз тәртібімен оқиды. Ертесіне ұстазына келіп тек төрттен бірін ғана оқи алғанын айтып мұңаяды. Сонда мұғалімі: «Ал енді оны Жәбірейіл періштенің Алла елшісіне (с.ғ.с.) түсіріп жатқанда оқығанындай етіп оқы,» – деп сынды одан да күшейте түседі. Шәкірт келесі күні: «Уаллаһи, ұстазым, бүгін тек бір-ақ сүре оқи алдым, » деп келеді. Ең ақырында ұстазы: «Енді балам, бұл Құранды бүкіл ғаламдардың иесі Алла Тағаланың алдында тұрғандай оқы. Алла Тағала сенің оқып жатқаныңды тыңдап тұрғанын ойла,» – дейді. Бала ертеңіне жылап тұрып: «Уа, ұстазым, Әлхамдулилләһи раббиль аламин. Аррахманир рахиим. Мәәлики йаумиддин дедім, алайда «Ийәкә нәғбуду» дегенді айта алмадым. Айтар едім-ау, бірақ мен қазір қаншама көп нәрсенің соңына түсіп кеткенмін. Енді Алла Тағаланың дәл қасында тұрғанын шынайы сезінгенімде, ол аятты айтуға арым жібермеді» – деген еді. Мінеки, Құран оқуды сезіне оқудың бір үлгісі осы болса керек.

ОҚО Орталық мешіт

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38