Бүгін, Оңтүстік Қазақстан облысы қала, аудан, ауылдық мешіттердегі жұма уағызында жамағатқа ҚМДБ-ның «Тәкфир» идеологиясын таратқан А.Абдужаббаровтың уағызына ермеу, тыңдамау туралы мәлімдемесі кеңінен түсіндірлді.
Осы айрықша тапсырманы Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек жұма намазына жиналған жағаматқа түсіндіріп, «Тәкфир» идеологиясын таратқан А.Абдужаббаровтың уағызына ермеу, тыңдамауды қадап айтты.
Айта кету керек, жуырда ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің айтуынша «Тәкфир» идеологиясын таратқан, дінаралық алауыздықты және терроримді насихаттушы Абдухалил Абдужаббаров Сауд Арабия Патшалығынан елімізге депортацияланғаны туралы хабар таратқан болатын.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі