ҚМДБ-ның Шымкент қаласы Әл-фараби аудандық «А.Қаттани» мешітінде «Құран жүрегімнің көктемі” атты рухани іс шара болып өтті. Рухани шараны ең алдымен Құран аяттарын оқумен басталды. Жиналған көпшілікті аудандық мешіттің Бас имамы Ахметжан Керімбек арнайы мерекемен құттықтап, жас шәкірттерге сәттілік тіледі. Рухани шара барысында мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарында тәлім алған жас шәкіртерімізді ынталандырып, алғыс хаттар мен сыйлық табысталды. Сондай-ақ, шара барасында мешіт шәкірттеріне сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып, арнайы қойылымдар қойылды. Рухани шараның соңы мерекелік дастарханмен ұласып Исмайыл Панов, Ержігіт Досымбаев, Мейірбек Сәрсенбаев ұстаздар уағыз айтты. Игі шара соңында қалалық «Әжелер» мектебінің бір топ аналар «Мұмтаз» дәмханасында дастархан жайып, ақ бата, тілектерін арнады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38