ҚМДБ-ның Шымкент қаласы Әл-фараби аудандық «А.Қаттани» мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсының (ДСАК) қыздар бөлімінде «Араб тілі –  Исламның кілті» атты имандылық курстары ұйымдастырылды. Кезекті курсты қалалық «Әжелер» мектебінің бір топ аналар жастарының ұлғайғанына қарамастан ықыласпен оқып, үйреніп, өздері қасиетті Құран Кәрімді еркін оқу мүмкндігіне ие болды. Аталмыш курсты аудандық «А.Қаттани» мешітінің ұстазы Әшімова Ақбөпе жүргізіп, дәріс беріп келеді. Курстың алғашқы бөлімін үздік аяқтаған апаларымыз діни басқарма жұмысына және Шымкент қаласының бас имамдары Бақдаулет қажы Нұрматұлы мен Ахметжан қажы Пірәліұлына және білікті ұстаз Әшімова Ақбөпеге алғыстарын білдірді. Айт кетсек, қала бойынша 45 мешітте діни сауат ашу курсары жүргізіліп келеді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38