Бүгін   ҚМДБ-ның «Халал Даму» мекемесінің бас сарапшы-технологы Омарова Айжан Қалмаханқызы Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елді мекенінде орналасқан «Ордабасы Нан» ЖШС жұмысымен танысты.

Аталмыш өндіріс орны «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған. Сондай-ақ, «Халал Даму» мекемесінің бас сарапшы-технологы Айжан Қалмаханқызы, қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның  бақылаушы  өкілі  Қазыбек Сарыбаев бастаған топ өндіріс орынның жұмысымен танысып, халал бағыты жөнінде арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Айта кетсек, ҚМДБ-ның «Халал Даму» мекемесінің бас сарапшы-технологы Айжан Омарова  қалалық «Әйел-қыздар» секторының мүшелері мен «Шымкент» медресе-колледжінің қыздар бөліміндегі шәкірттермен өтетін семинарға қатысады.  

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38