Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» атты рухани семинары ұйымдастырылды.

Рухани семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы мен қалалық  «Тауаф» фирмасының  өкілі Азамат Әбдікерімұлы,  оқу орынының ұстаздары мен студент жастар арнайы қатысты.   

Басқосу аясында қаланың бас имамы арнайы баяндама оқыды. Ұйымдастырылған шара аясында  рухани  тәрбие – Ихсан ілімі, ата-ананы құрметтеу, дін мен отан, бірлік пен ынтымақ сынды өзекті мәселелер арқау болды.

«Өздеріңізге белгілі, жыл басталғалы бері елімізде біршама тәртіпсіздік жағдайлар орын алып, ел тұрғындарының ынтымағы мен бірлігіне сызат түсіретін бейберекетсіз әрекеттер болғаны белгілі. Осы орайда, халқымызды бірлікке, тыныштыққа шақыру мақсатында ҚМДБ 2022 жылды «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» деп атап, сол бағытта жыл бойы тиісті іс-шараларды жасалып келеді. Жалпы, араб тіліненен аланыған «Ислам» сөзі – «амандық, есендік, мойынсұну, бағыну, берілу» деген мағыналарды білдіреді. Яғни, ислам – амандық пен бейбітшілік діні деген сөз. Осындай кездесулерде жастарымызға отансүйгіштік, еңбекқорлық, бірлік пен ынтымақ, үлкенді құрметтеу сынды рухани құндылықтар түсіндірілді», – деді бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы.

Айта кетсек, рухани шара барысында студенттердің тарапынан қойылған сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.  

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38