Бүгін,  Шымкент орталық мешітінде республикалық Алғыс айту күніне орай  «Мейірім»  атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара Шымкент қаласының бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен  аз қамтылған мұқтаж отбасыларға азық-түлік салынған себет үйлеріне жеткізіліп, табысталды.

Жалпы, бір отбасыға берілген себетте он бес мың теңгені құрайтын ұн, май, макарон, шәй, т.б.  азық-түлік өнімдері салынған.

Қайырымдылық шарасына қаржылай қолдау білдірген азаматтарға Алла Тағала разы болсын!

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38