Жуырда Шымкент қаласында орналасқан «Парасат» колледжінің  «Саналы ұрпақ» орталығында  рухани тәлім тәрбие  – Ихсан іліміне байланысты «Дін және Жастар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қалалық мешіттің бірінші найб имамы Мұсабек Ақтамберді арнайы қатысып, рухани тәрбие және дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде уағыз-насихат айтты.  

Шара барысында «Парасат» колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қазыбек Ержанов мырза ризалығын білдіріп, алғыс айтты.

 Басқосу аясында дінтанушы Мұсабек Ақтамберді қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38