Шымкент орталық мешітінің ұйымдастыруымен  ҚМДБ-ның «Дархан дала» ішкі туризм бағытын насихаттауға арналған рухани саяхат ұйымдастырылды.

Рухани саяхат жұмыстарына Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров,  қалалық «Тауаф» қажылық компаниясының өкілі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Шариғат және пәтуа» саласына жауапты Исламқұл Иманқұлы, дінтанушы Нұржан Қасымбеков пен Ақтөре Тұрапбай т.б. азаматтар қатысты.

Айта кетсек,  рухани саясхат  барысында  Түркістан облысы аумағында орналасқан  «Арыстан баб», «Қожа Ахмет Яссауи», «Домалақ ана» кесенелері  мен «Ақмешіт әулие» үңгіріне  зиярат етіп, рухани жұмыстарымен танысты.  

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38