Шымкент қаласы орталық мешітінде уағыз –насихат бағыты бойынша  «Жексенбілік дәріс» рухани шарасы ұйымдастырылуда.

Игі шара Шымкент қаласының бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы бастамасымен қолға алынып, жүргізіп келеді. 

Жексенбілік дәрісті РАНТ мүшесі, ұстаз Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы Мамадияров Нұрсұлтан және қалалық ЖАНТ мүшесі, «Әбсаттар Сманов» мешітінің имамы Берік Шотабеков «Ислам тарихы» кітабы бойынша дәріс жүргізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап беруде.

Рухани шараға қатысушыларға «Мұмтаз» халал асханасында арнайы дастархан жайылды.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38